Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған Жолдауында азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және елдің одан әрі табысты әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған міндеттерді көрсетті. Мұндай пікірді ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Ерлан Батырбеков білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Жолдауда айтылған маңызды тапсырмалардың бірі - Қазақстанда алғашқы атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу болды. Біз бұл шешімді ұзақ күттік. Бүгінгі таңда еліміз үшін атом энергетикасын дамытудың маңызы зор. Бұл уақыт сүзгізінен өткен саналы қадам, - деді бас директор.
Оның айтуынша, бұл жұмыстың нәтижелері елдегі кәсіпорындарға АЭС құру жобасы аясында ғылыми-техникалық жұмыстарды іс жүзінде қамтамасыз етуге, сондай-ақ жалпы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану аспектілерін белсенді ілгерілетуге мүмкіндік береді.
- Біздің құзыреттілігіміз бен тәжірибемізді ескере отырып, ҚР Ұлттық ядролық орталығы алдағы референдумға белсенді түрде қатысатынын атап өткім келеді, - деді Ерлан Батырбеков.
Пікірлер