Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде атом электр стансасын салу бойынша референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
«Бүгін тарихи күн. Халқымыз АЭС құрылысы бойынша дауыс береді, маңызды мәселе. Бүгін халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкілікті байламы сондай болады», - деді Мемлекет басшысы дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сонымен қатар БАҚ өкілдері Президенттен референдумнан қандай нәтиже күтетіндігін сұраған еді.
«Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде дұрыс айттыңыз, бүгін тағдыршешті оқиға. Келешекте осындай оқиғалар неғұрлым көп болса, біздің халқымыз үшін, еліміз үшін жақсы болады деп ойламын. Себебі, халқымыз осындай өте маңызды мәселелер бойынша дауыс береді. Сондықтан референдумды қолдаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Егер референдумның қорытындысы бойынша біздің азаматтар АЭС мәселесін қолдайтын болса, онда оны қай ел салады?» — деген сұраққа Президент оң шешім шығарған жағдайда Қазақстан үкіметі сараптама жүргізуі керектігін айтты.
«Бұл күрделі мәселе. Үкімет анализ жасап, келіссөздер жүргізу керек. Бірақ бұл мәселеге қатысты менің жеке көзқарасым бойынша Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек, - деп жауап берді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс береді.
Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров елдің барлық өңірінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум басталғанын ресми мәлім етті.
1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге хақылы.
Фото: Tengrinews.kz
Пікірлер