A+ A A-

talgatzhan 24 9-10-2024, 13:00 0

Әуе жүктерін өңдеу көлемі жылына 300 мың тоннаға жеткізіледі

Республика

Қазақстан әуе жүктерін өңдеу көлемін жылына 300 мың тоннаға жеткізбек. Бұл туралы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақбаров айтты, деп хабарлайды  Buqara.kz сайтының тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

«Әуежайлар Қазақстанның көлік жүйесінің маңызды бөлігі саналады. Біздің басты міндеттеріміздің бірі – оларға арнаулы экономикалық аймақ мәртебесін бере отырып, аэрохабқа айналдыру және алдағы төрт жылда Қазақстандағы әуе жүктерін өңдеу көлемін жылына 300 мың тоннаға дейін екі есеге арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін әуежайларымыздың жүк тасымалдау мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейту қажет», - деді ол елордада өткен Қазақстан-Нидерланды бірінші іскерлік кеңесінде.
Вице-министр Қазақстан үшін тағы бір стратегиялық бағыт – автомобиль жолдарын салу және жаңғырту екендігіне тоқталды.

«Сапалы жол жүйесін дамыту өңірлер арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етеді. Жүктердің қозғалысын жылдамдатады және көліктің қолжетімділігін жақсартады. Біз бұл саланы инвестиция тартудың негізгі секторларының бірі ретінде қарастырамыз», - деді Мақсат Қалиақбаров.
Бұған дейін еліміз 2030 жылға қарай контейнерлік жүк тасымалын 10 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отырғанын жазған едік. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив