A+ A A-

talgatzhan 47 Бүгін, 13:10 0

Риддер әкімі қалада кадр тапшылығы бар екенін жасырмады

Бүгін / Басты / Риддер

Бұл туралы қала әкімі Думан Рахметқалиев Өскеменде өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның айтуынша, биыл қалада бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын емхана мен 200 төсек-орынға арналған стационар пайдалануға берілген. Жаңа медициналық нысандар заманауи құрал-жабдықтармен толық жабдықталған.
– Жаңа емхана мен стационар заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Соның арқасында тұрғындар компьютерлік томография және ультрадыбыстық зерттеулерден өту үшін облыс орталығына бармай-ақ, қажетті қызметтерді Риддер қаласында ала алады, – деді ол.
Сонымен қатар қаладағы денсаулық сақтау саласындағы негізгі мәселелердің бірі – кадр тапшылығы болып отыр. Қазір медициналық мекемелерде тоғыз дәрігер жетіспейтін көрінеді. Атап айтқанда, жалпы тәжірибелік дәрігер, кардиолог, реаниматолог, екі акушер-гинеколог, лор дәрігері, дерматовенеролог, фтизиатр және балалар невропатологы мамандарына сұраныс бар.
Қала әкімі мәліметінше, жыл басынан бері Риддерге төрт дәрігер келгенімен, сегіз маман басқа жаққа кеткен.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив