A+ A A-

talgatzhan 54 10-10-2024, 12:58 0

Қазақстан көмірі қай елдерге экспортталып жатыр

Республика

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елімізде өндірілген көмір қай елдерге экспортталып жатқанын нақтылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жыл сайын өндірілген көмірдің 25-30 пайызы экспортталады. Экспорт нарығының негізгі тұтынушылары — Ресей, Өзбекістан, Қырғызстан, Түркия, Европа мемлекеттері», — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында. 
Бұдан бұрын хабарланғандай, Биылдың соңына дейін 112,7 млн тонна көмір өндіру жоспарланған. Көмір өндіруші кәсіпорындардың жедел деректері бойынша осы жылдың 9 айында 77,7 млн тонна көмір өндірілді. 

Былтыр Қазақстан 31,2 млн тонна көмір экспорттады. 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындық болмауы керек екенін тапсырды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив