A+ A A-

talgatzhan 10 9-09-2024, 11:50 0

Елімізде ойын бизнесі мен лотереяларды реттейтін комитет құрылды

Республика

ҚР Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетін қайта құрып, одан құмар ойындар мен лотереяларды реттеу жөніндегі комитетті жеке шығарды, деп хабарлайды  Buqara.kz  сайтының тілшісі

 


ҚР Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетін қайта құрып, одан құмар ойындар мен лотереяларды реттеу жөніндегі комитетті жеке шығарды. Бұл туралы Үкіметтің тиісті қаулысы бекітілді. «Туризм индустриясы комитеті ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяларды реттеу комитетін бөлу арқылы қайта құрылды», - делінген қаулыда. Комитеттің функцияларына ойын қызметтері мен оларды пайдаланушылар туралы ақпарат жинау, салалық мәселелерді жедел шешу және заңнаманы сақтау кіретінін атап өткен жөн. Туризм және спорт министрлігінде енді үш департамент болады: Спорт және дене шынықтыру комитеті; Туризм индустриясы комитеті; Құмар ойындар мен лотереяларды реттеу комитеті. Естеріңізге салсақ, бұған дейін елімізде Туризм индустриясы комитетін қайта құру жоспарланып отырғанын жазған едік. Тиісті қаулы Ашық НҚА порталында жарияланған болатын.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив