Облыста жазғы шомылу маусымы кезеңінде 6 адам суға батып кетті, оның 1-еуі бала, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақпарат орталығындағы өткен жиында ШҚО ТЖД қызметкерлері биылғы шомылу маусымын қорытындылады. Жалпы облыс аумағында жазғы кезеңде жаппай демалуға арналған 22 учаске бар. Департамент 2024 жылға арналған шомылу маусымы кезеңінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын әзірлеп, оның іске асырылуын ай сайын бақылады. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында құтқарушылар 2947 рейд жүргізіген.
ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлының сөзінше, аймақта шомылу маусымы басталғалы бері 6 адам көз жұмды, оның біреуі бала.
- Бұдан бөлек, су айдындарының түбін тексеру бойынша сүңгуірлік жұмыстар уақтылы жүргізілді. «Жас құтқарушы» үйірмесі арқылы 560 балаға суда шомылудың бастапқы сабақтары оқытылды. Соның аясында оқушылармен және жас құтқарушылармен бірге 22 практикалық сабақ өткізілді, - деді ол.
Пікірлер