Себебі, бірнеше жыл бұрын құрылысы басталған спорт кешендері әлі қолданысқа берілмеді. Берілмек тұрмақ, жұмыс аяқталған жоқ., деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, қарбалас тірлігі күрт сиырқұйымшаштанған нысандардың бесеуі де ерекше назарға алынды. Таврия, Марқакөл, Үлкен Нарын, Катонқарағай және Бозанбай ауылдарындағы спорт кешендері құрылысының уақтылы аяқталуына жауапты Құрылыс басқармасы басшылығындағылар мәслихат отырысына келмеді. Ермек Көшербаев осыған жауаптыларға олардың сессия отырысына неге қатыспағандығын анықтауды тапсырды.
- Былтыр басталған тексерістерден әлі нәтиже жоқ. Тек Тавриядағы кешеннің жағдайы өзгесімен салыстырғанда тәуір. Тұрғындар мұны асыға күтіп жүр, - деді Ермек Беделбайұлы.
Ал Тұғыл ауылындағы Дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен Ақжардағы стадион құрылысы аяқталуға жақын.
Фотосурет Egemen.kz сайтынан
Пікірлер