A+ A A-

talgatzhan 34 30-09-2024, 12:04 0

ШҚО-да 6 ауданда ғана «инватакси» бар

ШҚО

2025 жылдың қаңтар айынан бастап мүмкіндігі шектеулі адамдарды көлікпен қамтамасыз ету мемлекеттік қызметке айналады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Өскеменде «Инватакси» қызметінің үш мамандандырылған және жеті жеңіл автөлігі болған күннің өзінде, жыл басталғалы ерекше қажеттіліктері бар адамдардан келіп түскен 1379 өтініштің 200-і ғана орындалған. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы мәлімдеді.
Шемонаиха ауданы тұрғындарынан келіп түскен 105 өтініштің 18-і ғана орындалды. Ұлан ауданында жуырда толық «Инватакси» жабдығы бар көлік алынды, бірақ келіп түскен 15 өтініштің біреуі де орындалмаған. «Инватакси» қызметі жақсы жұмыс істеп тұрған аудандар да бар. Мәселен, Риддер қаласында, Алтай мен Күршім аудандарында сұраныс 100%-ды қамтамасыз етілді. Жаңа жылдан бастап «Инватакси» қызметі енді мемлекеттік қызметке айналады, - деді басқарма басшысы Альмира Мусинова. 
Облыс әкімі Ермек Көшербаев мүмкіндігі шектеулі жандарды көлікпен қаматамасыз ету қызметін дұрыстап ойластырмаған аудан басшыларына соңғы ескерту жасап, тиісті тапсырмалар берді. Ал Өскемен қаласы мен Зайсан ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға тиісті қызметтердің ұйымдастырылғанын жоғары бағалады. Атаулы қызметке барлығы 127 адам тартылған, 2024 жылға арналған әлеуметтік тапсырыс құны - 102 млн теңгені құрады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив