A+ A A-

talgatzhan 31 30-09-2024, 16:30 0

Өскеменде ақын Ермек Дайырбаевпен кездесу өтті 

ШҚО

Өскемендегі кітапханада ақын Ермек Дайырбаевпен кездесу өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

А.С Пушкин атындағы облыстық кітапханада республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ермек Дайырбаевпен кездесу өтті. Шараға өңірге белгілі ақын-жазушылар мен студенттер қатысты. 

Ақындық маған қанмен берілген қасиет. Өзім мектеп жасынан бастап аудандық, аймақтық жыр мүшәйраларына қатыстым. Осы орайда маған жол сілтеген алдыңғы буын аға-әпкелеріме алғысым шексіз! Осындай шараны ұйымдастырған кітапхана ұжымына рахмет. Қазіргі таңда шығармашылық жолға қайта бет бұрдым. Өнерімді қолдап, өлеңімді оқып жүрген жас буынға ризашылығымды жеткізгім келеді, - деді Ермек Дайырбаев.

  • Айта кетейік, кездесуге келген Қазақстан Жазушылар одағы ШҚО филиалының директоры Әлібек Қаңтарбаев Ермек Дайырбаевтың шығармашылығына жоғары бағасын берді. Ақынның өлеңдері оқылған соң студенттер өз сұрақтарына жауап алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив