- 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды. Бұл біздің жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттай отырып, тың бастамаларды жүзеге асыруға жәрдемдесетін болады. Бұл жұмысшылар үшін тамаша мүмкіндік, - деді «Казцинк»ЖШС қызметкері.
Сергей Панасюк Жолдауда Шығыс Қазақстандағы туризм саласын дамытуға көп көңіл бөлінгенін атап өтті.
- Шығыс өңірінің табиғаты мен демалыс аймақтары әлемдік деңгейде бәсекеге түсуге қауқарлы. Шырайлы шығыстың кербез табиғаты ешкімді бей-жай қалдырмасы анық. Біз Президент Жолдауында айтылған тапсырмалардың жүзеге асатынына сеніп қана қоймай, мемлекетімізді халық болып дамыту үшін бар күш-жігерімізді саламыз, - дейді ол.
Пікірлер