A+ A A-

talgatzhan 16 6-10-2024, 14:50 0

ШҚО-да Социалистік Еңбек Ері дауыс берді

ШҚО / Бүгін

Бүгінгі референдумға Алтай ауданының тұрғыны, Социалистік Еңбек Ері Павел Полянский қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Павел Полянскийдің атымен «Первороссийский» совхозының өркендеуі байланысты. Оның совхозы рекордтық өнім көрсетті.
Ал 1973 жылғы 10 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен «Социалистік жарыста қол жеткізген зор табыстары және астық және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сатуды арттыру бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауда көрсеткен еңбек ерлігі үшін» Павел Тимофеевич Полянскийге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сондай-ақ П.Т.Полянский Ленин, Октябрь Революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің үш алтын және екі күміс медальдарымен марапатталған.
2017 жылдың қорытындысы бойынша П.Полянский «Жыл адамы» атағына ие болды.
2020 жылы Первороссийское ауылы мен Первороссийск ауылдық округі Павел Полянскийдің құрметіне өзгертілді.
- Мен жауапкершілік пен патриотизмді көрсетіп, референдумға қатысамын, - деді Павел Тимофеевич.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив