A+ A A-

talgatzhan 18 6-10-2024, 20:07 0

Үлбі металлургия зауытының қызметкерлері алғашқылардың бірі болып дауыс берді

ШҚО

«ҮМЗ» АҚ жұмысшылары Қазақстандағы АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысу үшін рауан таңнан сайлау учаскелеріне келді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Екі баланың анасы Мария Юшкова олардың болашағы үшін азаматтық белсенділік таныту маңызды дейді.  
- Мен үшін балаларымның болашақта қалай өмір сүретіні маңызды. Азаматтық белсенділік танытпасаң, тұрақты болашақтың болуы екіталай. Дауыс беруге бекіну - маңызды қадам, - деп бөлісті ол. 
Аталған кәсіпорын қызметкері Евгения Морозова да ел алдындағы жауапкершілігі туралы айтты.
- Мен тарихы тереңде жатқан ҮМЗ кәсіпорнының бір бөлігімін. Мұнда облыс пен мемлекетіміздің дамуына еңбегі сіңген қызметкерлер көп. Қазақстан күн санап дамып келеді. Ал бүгін атом электр станциясын салу бойынша маңызды шешім қабылдаудың алдында тұр. Менің де дауысым ел болашағы үшін маңызды, - дейді ол.
Ал Татьяна Кузнецованың айтуынша, тарихи шешім қабылдау үшін әрбір дауыс маңызды. 
- Мемлекет алдында әр қазақстандықтың өмірін өзгертетін таңдау тұрғанда мен де шетте қала алмаймын, - деді кәсіпорын қызметкері. 
Техникалық маман Арман Нұғыманов дауыс бермес бұрын АЭС туралы мұқият зерттегенін айтты.
- Әркім саналы таңдау жасауы керек деп есептеймін. Шешім қабылдамас бұрын бұл тақырыпта көп іздендім. Техникалық білімімнің де көмегі тиді. Сондықтан референдум болатын күні алғашқылардың бірі болып учаскеге келдім , - деді ол.
Осылайша ҮМЗ қызметкерлері ел болашағына үлес қосып, белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив