Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазақстандықтардың орташа айлығы 330,4 мың теңге, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстан тұрғындарының 330 мың теңгеден асатын айлығы былтырмен салыстырғанда 16,5%-ға өскен деп жазылды ақпаратта. Жалпы, өңір бойынша ең жоғары табыс Астана тұрғындарында екен. Бір адам 495,5 мың табатын көрінеді.
Екінші орында - Қарағанды. Мұндағы орташа жалақы - 430,4 мың теңге.
Шығыс Қазақстан облысы үздік бестікте екен. Біздің алдымызда Алматы қаласы (425,5 мың теңге), сосын Шығыс Қазақстан (403,6 мың теңге) және Ұлытау облысы (390,8 мың теңге).
Ең төменгі жалақы Түркістан облысында тіркелді. Ондағы орташа айлық 230,2 мың теңге.
Фотосурет Astanatv.kz сайтынан
Пікірлер