A+ A A-

talgatzhan 35 9-10-2024, 14:27 0

ШҚО-да садақпен аңға шығуға бола ма? – Басқарма басшысы жауап берді

ШҚО

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов осыған қатысты ақпараттарымен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осыдан екі жыл бұрын республика көлемінде садақпен, арбалетпен аңға шығуға рұқсат беру туралы ұсыныс айтылған болатын. Бұл туризмді дамытудың әдісі деп қаралды. Облыста бұл ұсыныс қолдау тапты ма? – Дәстүрлі садақ ату – қазақ халқының қанына сіңген, аса ептілік пен қырағылықты талап ететін спорт. Ал енді қазіргі уақытта садақты арнайы фестивальдер мен сайыстарда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған жерлерде пайдалану шарт. Аңшылық маусымында садақ және арбалет сияқты жеңіл қарулармен аң аулауға тыйым салынады. Аңшылықтың өз ережесі мен тәртібі бар. Бекітілген нормалардан аттап кетуге болмайды, - деді Мұрат Манарбекұлы. Еске салайық, облыста күзгі аңшылық қыркүйек айының алғашқы демалыс күнінде басталған және 31-желтоқсанға дейін жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив