A+ A A-

talgatzhan 28 14-10-2024, 15:42 0

ШҚО-да бала асырап алу агенттігі арқылы 114 бала отбасылы болды

ШҚО

Өскеменде «Бала үшін ең жақсы орын – отбасы» атты дөңгелек үстел өтті. Достық үйінде өткен жиында Қазақстанда кәсіби қабылдау отбасыларын енгізудің артықшылықтары талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еске сала кетейік, кәсіби қабылдау отбасыларын енгізу туралы заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда. Заң жобасында кәсіби қабылдау отбасыларын құру, оларға қойылатын талаптар және әлеуметтік кепілдіктер мен төлемдердің тізімі анықталған. Үміткердің жасы 30 жастан жоғары және зейнеткерлік жасқа жетпеген болуы керек. Некелі жанұялар психологиялық даярлықтан өтулері міндетті. Сонымен қатар, интернаттарда жұмыс істеген тәрбиешілер де кәсіби қабылдау ата-анасы бола алады. Тек бір отбасыда төрт баладан көп болмауы тиіс. Кәсіби қабылдау ата-анасына әр бала үшін айына 70 МРП (мемлекеттік базалық мөлшер) төленуі жоспарланып отыр. Заң жобасы мақұлданса, балалар интернат ұйымдарына емес, кәсіби қабылдау отбасыларына орналастырылады. Бұл әр баланың толыққанды отбасыда өмір сүріп, дамуына мүмкіндік береді. Бүгінде еліміздегі интернат ұйымдары тектес балалар үйінде төрт мың бала ата-анасын күтуде. Олардың басым бөлігі – жасөспірімдер, ерекше қажеттіліктері бар балалар және олардың бір анадан тумаса да интернатта бірге тұратын туыстары. — Кәсіби қабылдау отбасыларын енгізу туралы заң жобасы қаралып жатқанда, біз осы институтты енгізу жолдарын талқылауды жөн көрдік. Балаларға қолайлы жағдай жасау өте маңызды. Біздің ұстанымымыз: «Отбасы бала үшін, бала отбасы үшін емес». Балалар жанұяда махаббат пен қамқорлыққа бөленуі керек. Болашақта дені сау психологиялық ортада өскен балалар өз бақытты отбасыларын құра алады. Біз балалардың отбасында өсуіне үлес қосқысы келетін адамдарды тапқымыз келеді, — деді «Ана үйі» қоғамдық қорының «Дом мамы» ресурстық орталығының жетекшісі Чинара Мамбеталиева. Айта керу керек, 2016 жылдан бері ұлттық «Бала асырап алу» агенттігінің қолдауымен Қазақстанда 1924 бала, оның ішінде Шығыс Қазақстанда 114 бала өз отбасын тапқан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив