Шығыс Қазақстан облысында ірі есірткі зертханасын ұйымдастырған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО прокуратурасын үйлестіру кезінде облыс ҰҚКдепартаменті заңсыз айналымнан 630 мың бір реттікдозаға баламалы 125 килограмнан астам мефедрон,500 литр прекурсорлар, сондай-ақ тәулігіне 30килограмға дейін синтетикалық есірткі өндіругемүмкіндік беретін жаңа буынның зертханалықжабдықтары тәркіленді.
Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады.
«Сот санкциясымен екі шетелдік азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Пікірлер