A+ A A-

talgatzhan 61 26-12-2024, 11:30 0

Риддерлік биатлоншылар әлемдік жарыста үздік жетіліктен көрінді

Спорт / Риддер / Бүгін

Жерлесіміз Ольга Полторанина мен Никита Акимов Австрия жерінде өтіп жатқан IBU Кубогында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әлемнің ең мықты биатлоншылары Обертиллиах қаласында бас қосты. Жекелей, командалық сыннан бөлек, аралас жарыс та көптің қызығушылығын туғызған. Бұл ретте Ольга Полторанина мен Никита Акимов жекелей аралас эстфетада жарыс жолына шыққан. Неміс, француз, норвег спортшыларына қарсы тұру көп елдің спортшысы үшін биік меже. Бірақ риддерліктер олардан еш қаймықпады.
Өкініштісі сол, жүлде бұйырмады. Дегенмен кіл мықтының ішінде жетінші орынға табан тіреді. Акимов пен Полторанина жеңімпаз атанған Франция құрамасынан 1 минут 44 секундқа қалып қойды. Екеуі төрт межеде сегіз қосымша оқ пайдаланып, айып шеңберін жүгірген жоқ.
Бір қаладан шыққан екі спортшы үшін мұның бәрі орасан тәжірие екені, сөзсіз. 

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив