Бұл туралы волейболшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Түркістандық «Тұран» сапында ел чемпионы атанған спортшы жаңа маусымда Сербияның «Уб» ұжымында өнер көрсетеді. Ұсыныс түскен бойда маусымды Қазақстанда аяқтап, артынша клубтық Азия чемпионатын тәмамдап барып, Еуропаға жол тартуға бекінген. Қазір сонда. Кезекті маусым ойындарына дайындық басталып кетті. Жергілікті жанкүйердің ақпаратынша, негізгі қарсыластары «Стара Пазова» мен «Тент» командалары.
Ал «Уб» командасы болса, Сербияның суперлигасында бесінші орынға тұрақтаған.
Пікірлер