Ресми ақпаратпен жуықта Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кейін бұл ақпарат Ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайтында да жарияландын. Ербол Мырзабосынов Мажарстан астанасы Будапештке барған сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен өте маңызды кездесу өткізгенін жеткізді.
- Бұл кездесудің нәтижесінде елімізде дзюдоны дамыту бағытында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Дзюдо жанкүйерлеріне жақсы жаңалық! 2027 жылы дзюдодан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді. Сонымен қатар, Халықаралық Дзюдо Федерациясының академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткіздік. Бұл бастама біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымыздың кәсіби деңгейін көтеруге үлкен септігін тигізетініне сенімдімін, - делінген министр хабарламасында.
Фотосурет olympic.kz сайтынан
Пікірлер