A+ A A-

talgatzhan 36 23-10-2024, 09:50 0

«Семей» «Спортингке» есе жіберді

Спорт / Бүгін

Футзалдан Чемпиондар лигасы аясындағы алғашқы ойында семейлік команда қарсыласына екі доп айырмасымен жол берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Негізгі раундтың алғашқы ойынындағы голды «Семей» шабуылшысы Кайо Торрес салды. Португалиялық ұжым сапынан Татиньо есепті теңестірді. Оның өзін пенальтиден соқты. Сосын «Спортингке» ауысқан, бірақ Қазақстан азаматтығына ие Тайнанның өзі үш гол салды. 
«Семей» футзалшылары сапынан Кандидо, Шыңғыс Есенаманов және Дедезиньо қақпа торынан саңылау тапса, қарсылас командада Тайнаннан бөлек, Паулетто екі рет көзге тесті.
Қорытынды есеп, 6:4 «Спортинг» жеңді. Топтағы екінші ойында Дави Мендоса шәкірттері «Қайратпен» ойнайды.

Фотосурет Fcsemey парақшасынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив