Жуықта республикалық турнирге кімдердің қатысатыны туралы толық тізім шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Qazsport арнасының дерегінше, ұзын-саны 42 түйе палуан бозкілемге беттейді. Қазақ күресінен кім мықтыны анықтайтын сайыс осымен 13-ші рет өткелі тұр. Алыптар арасында шығысқазақстандық екі спортшы бар. Бірі — Жасұлан Мұхаметханов (Шығыс барысы), екіншісі — Станислав Романов (Шығыс арланы). Екеуі де облыстағы іріктеуден сүрінбей өткендер.
Анықталғандай, турнирдің жалпы жүлде қоры — 27 100 000 теңге, оның ішінде 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі.
1-орын үшін — 15 000 000 теңге, 2-орын үшін — 3 300 000 теңге, 3-орын үшін — 1 080 000 теңге.
Бұдан бөлек әрбір жеңісті белдесуі үшін балуанға 100 000 теңге беріледі.
Турнир қазан айының 26-сы күні «Барыс Арена» спорт кешенінде өтеді. Елорда мен қала қонақтарына кіру тегін.
«Қазақстан Барысы» турнирін тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасы 12.00-де көрсетеді.
Фотосурет tengrinews.kz
Пікірлер