A+ A A-

talgatzhan 25 Кеше, 23:50 0

ШҚО-дағы Бұқтырма су қоймасының жағалауында экопарк салу жоспарлануда

Бүгін / ШҚО

25 мамырда Октябрьский кентінде жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің тұрғындармен кездесуінде Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жер учаскелерін пайдалану мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Онда 2025–2026 жылдары жекелеген жер учаскелері азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілгені түсіндірілді. Сонымен қатар аталған аумақтарда жасыл желектерді кесу фактілері анықталмағаны атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша көрсетілген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару рәсімін бастау туралы шешім қабылданды. Жер иелеріне балама жер учаскелері ұсынылады.

Барлық қажетті рәсім аяқталғаннан кейін жағалау аумағында экопарк құру жоспарланып отыр. Жоба табиғи ландшафт пен жасыл желекті сақтауға, тұрғындар мен облыс қонақтарының демалуына қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруға бағытталған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив