A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:00 0

Тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілер тізімі жаңартылды

Бүгін / Республика

Денсаулық сақтау министрлігі тегін және жеңілдікпен берілетін дәрілер мен медициналық бұйымдар тізбесін жаңартты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Тиісті өзгерістер Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 25 мамырдағы бұйрығымен енгізілді.

Құжатта тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында пациенттерге берілетін дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және арнайы емдік тағамдардың тізбесі айқындалған.

Жаңартылған тізімге ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға арналған дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар және арнайы емдік тағамдар енгізілген.

Тегін медициналық көмектің кепілдік аясында қан айналымы, тыныс алу, ас қорыту, жүйке, эндокриндік, сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары, сондай-ақ тері аурулары бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен қатар тізімге қан және қан түзу ағзалары ауруларын, психикалық және мінез-құлық бұзылыстарын, инфекциялық және паразиттік ауруларды, онкологиялық дерттерді емдеуге арналған препараттар енгізілген. Сондай-ақ паллиативтік көмек алатын науқастар мен ағза не тін трансплантациясынан кейінгі пациенттерге арналған дәрілер де қамтылған.

Бұдан бөлек, құжатта МӘМС аясында ересектер мен балаларға берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жеке тізбесі көрсетілген.

Бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив