A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 10:30 0

Риддерде 33 млн теңгеге 13 жабық контейнерлік алаң орнатылды

Бүгін / Риддер

Қалада санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау жүйесін жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы шаһар басшысы Думан Рахметқалиев айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында 2025 жылы бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылды. Атап айтқанда, бюджет қаражаты есебінен 33 млн теңгеге 13 жабық контейнерлік алаң орнатылған. Сонымен қатар 53 заманауи еуроконтейнер сатып алынып, қоқыс шығару қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін екі жаңа қоқыс тасымалдаушы көлік алынды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 43 алаңның кірме жолдарына қиыршық тас төселіп, аумақтары абаттандырылды. Думан Рахметқалиевтің айтуынша, бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

– 2026 жылдың жаз мезгілінде тағы 53 контейнерлік алаңның кірме жолдарын жақсарту және аумақтарын абаттандыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін қосымша 285 заманауи еуроконтейнер сатып алу көзделген. Қазіргі таңда қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарына 14 қызметкер тартылған, – деді шаһар басшысы.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарын «Фирма Эталон» ЖШС жүзеге асырады. Кәсіпорын күн сайын үш қоқыс тасымалдаушы көлікпен қызмет көрсетеді. Бұдан бөлек, арнайы техникамен жабдықталған үш өндірістік бригада жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда қосымша екі бригада да жұмылдырылады. Жыл басынан бері қаладан едәуір көлемде қалдық шығарылған. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 5 мамыр аралығында полигонға 15 700 текше метр қатты тұрмыстық қалдық жеткізілген.

– Контейнерлерге тұрмыстық қалдықтардан бөлек, картон қораптар, ағаш және пластик жәшіктер секілді ірі көлемді қалдықтар, құрылыс қоқыстары, сондай-ақ арнайы келісімшарт жасамаған кәсіпкерлердің қалдықтары тасталады. Соның салдарынан контейнерлік алаңдардың жүктемесі артып отыр, – деді Думан Рахметқалиев.
Қала әкімдігі тұрғындарды тұрмыстық қалдықтарды белгіленген талаптарға сай шығаруға және санитарлық тазалықты сақтауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив