Жылдар бойы жөндеу көрмеген, көптің талқысына түсіп, сынға ұшыраған «Сокол» стадионы жөнделетін болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Стадион 1967 жылы қолданысқа берілген.
- Стадион 2018 жылы 27 ақпанда Риддер қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне қарасты Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына берілді. Ол кездегі жағдайы мәз емес еді. 2020 жылғы облыс әкімінің қаулысына сәйкес, Риддер қалалық Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, спорт модулі, «Сокол» стадионы облыстық дене шынықтыру басқармасының теңгеріміне берілді. Арада 1 жыл өткен соң, аталған стадионды қайта жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленді. 2022 жылдың 28 наурызында қалалық әкімдіктің қаулысымен құжаттама әзірленіп, мемлекеттік экспертизаның оң нәтижесі алынды. ШҚО Сәулет, құрылыс және қала құрылысы басқармасының теңгеріміне өткізу жұмыстары жүріп жатыр. Қазір құжаттар рәсімделіп, екі жақты келісімге келу жағы реттелуде, - деді Риддер қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі басшысы Маржан Тайбекққызы.
Сөзінше, осы уақытқа дейін қаржы сұрап республикалық бюджетке, туризм және спорт министрлігіне хат жолданған. ЖСҚ-ға сәйкес, қайта жаңғыртуға 1 млрд теңгеден астам қаржы қажет болды.
Пікірлер