Мәлім болғандай, партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген Жол картасы өңірде жүйелі түрде орындалуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Партия өкілдері бүгінде жоспарланған іс-шаралардың басым бөлігі жүзеге асырылып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізіп жатқанын айтуда.
– Соңғы жылдары облыс үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар ірі жоба іске асырылды. Атап айтқанда, Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір пайдалануға беріліп, 150 мыңнан астам тұрғын үшін көлік қатынасы жақсарды. Сонымен қатар, халықаралық маңызы бар «Омбы – Майқапшағай» автожолы толық жаңғыртудан өтті, – делінген ақпаратта.
Тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы үш жылда өңірде 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 41 денсаулық сақтау нысаны іске қосылды.
–Экономиканы дамыту және халықты жұмыспен қамту мақсатында 2023 жылдан бері 21 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 56 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Осылайша, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы өңірдің тұрақты дамуына, инфрақұрылымның жаңаруы мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға нақты үлес қосып келеді, – деді жауапты тұлғалар.
Пікірлер