Шаяхметов көшесіндегі (Жаңа Согра шағынауданы) сауда үйінің маңында адамның қайтыс болу дерегі тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, жедел жәрдем қызметкерлерінен Шаяхметов көшесі, 13 мекенжайында орналасқан ғимарат маңайында белгісіз әйелдің жансыз күйде жатқаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жіберілген.
Полицияның ақпаратынша, марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.
Пікірлер