Қаладағы нысандарды аралау барысында шаһар әкімі Думан Рахметқалиев журналистер сауалдарына да жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Көпшілікті жолдардың жай-күйі, туризмнің дамуы мен әлеуметтік мәселелер толғандырса, бізді екі өзге сұрақ қызықтырды. Алғашқы сауал – ел тарихында ерекше орны бар мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаев тұрған үйдің болашағына қатысты. Екінші сұрақ Риддерде салынуы мүмкін хоккей модулі хақында қойылды. Бұған дейін мұндай спорт нысанының құрылысы жоспарланып жатқаны туралы ақпарат тараған еді. Қала әкімі осы мәселелерге жауапты қысқа қайырды.
– Қонаев тұрған үйді өзім барып көріп, зерттедім. Ол музей ретінде пайдалануға келмейді. Ал жөндеу жұмыстарына қатысты айтсақ, біз оған қаражат бөле алмаймыз. Себебі бұл – жекеменшік нысан. Сондықтан оған бюджеттен қаржы қарастырылмайды. Ал хоккей модуліне келсек, әзірге қаржы бөлінген жоқ. Құрылыстың нақты қашан басталатыны да белгісіз, – деді Думан Есдәулетұлы.
Пікірлер