Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары Данияр Жүнісов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сөзінше, ауданда халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
– 2025 жылы Большая Речка және Березовка ауылдарында жалпы ұзындығы 25,8 шақырым болатын су құбыры желілерінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар Шемонаиха қаласының 11 және 12-шағынаудандарында, сондай-ақ Теміржолшы шағынауданында ұзындығы 15,4 шақырым су құбыры желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, – деді ол.
Анықталғандай, Шемонаиха қаласының 3-шағынауданында, Первомайский кентінде және Барашки ауылында жалпы ұзындығы 3,865 шақырым су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілген.
– Қазір Первомайский кентіндегі сорғы-сүзгі станциясында сүзгілерді жөндеу жалғасуда. 2026 жылы ауданда жалпы құны 760,2 миллион теңге болатын төрт бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың қатарында Шемонаиха қаласының жылу желілеріндегі қайта айдау сорғы станциясының құрылысы, Гагарин көшесі бойындағы 3-шағынауданда №9 және №17 тұрғын үйлер маңында саябақ аймағын салу, №3, №4 және №11 шағынаудандардағы су бұру желілерін қайта жаңғырту, сондай-ақ Теміржолшы шағынауданындағы су құбыры желілерін жаңарту жобалары бар, – деді Данияр Жунусов.
Аудан әкімдігі мәліметінше, қайта айдау сорғы станциясының құрылысын биыл тамыз айында аяқтау жоспарланып отыр.
Әдемі АМАНГЕЛДІ
Пікірлер