A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 17:30 0

Шемонаиха ауданында 2,4 шақырым жол жөндеуге 203 млн теңге бөлінді

Бүгін / Шемонаиха

Биыл ауданда Предгорное – Верх-Уба бағытындағы жолдың 10,3-12,7 шақырым аралығындағы 2,4 шақырым учаскесі орташа жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, бұған 203 млн теңге бөлінген.
– Жол инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар маңызды жұмыс көзделген. Ұзындығы 109,2 шақырым аудандық маңызы бар жолдарды жазғы күтіп ұстауға 103 млн теңге бөлінді. Ал қала, ауылдар мен кенттердегі жолдардың қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге 262 млн теңге қарастырылған. Оның ішінде Шемонаиха қаласына 186 миллион теңге бағытталады, – деді аудан басшысының орынбасары Данияр Жүнісов.
Белгілі болғандай, Усть-Таловка кентіндегі Вокзальная көшесіне 27 млн теңгеге тротуар салу және Большая Речка ауылындағы көпірді 87 млн теңгеге жөндеу жоспарланған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив