Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте аудан әкімінің орынбасары Данияр Жүнісов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Айтуынша, кәсіпорындар 64 тұрақты жұмыс орнын құруға ықпал етті.
- Халықты жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдаудың белсенді шаралары аясында қоғамдық жұмыстарға 107 адам жіберіліп, әлеуметтік жұмыс орындарына 6 адам орналастырылды. Ал жастар практикасы бойынша 6 адам, «Күміс жас» жобасы бойынша 12 адам жұмысқа тұрды, - деді ол.
Анықталғандай, ауданға еңбек күші артық өңірлерден 7 отбасы қоныс аударды.
- Халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған азаматтар санын 196 адамға дейін азайтуға мүмкіндік берді, бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 44%-ға жетті. АӘК алатын еңбекке қабілетті азаматтардың 77,1%-ы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткішті 80%-ға дейін жеткізу жоспарлануда, - деді Данияр Жүнісов.
Пікірлер