2026 жылы әлеуметтік міндеттемелер аясында «KAZ Minerals» ЖШС екі маңызды жобаны іске асыруды бастады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аудан әкімінің орынбасары Данияр Жүнісовтың айтуынша, компания екі медициналық нысанға жауапты.
- Қазір Шемонаиха қаласындағы инфекциялық бөлімшені реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек, шаһарда дәрігерлік амбулатория салынуда. Аталған жобаларды іске асыру ауданның денсаулық сақтау жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - деді ол.
Пікірлер