18-20 маусым аралығында өңірде кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, рейд кезінде 95 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Олардың 55-іне әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл салынды, ал тағы 40-ы қараусыз қалғаны үшін ұсталды.
Рейд барысында барлығы 175 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Ең көп таралғаны - кәмелетке толмағандардың түнде заңды қамқоршысыз үйден тыс жерде болуы. Мұндай 131 жағдай тіркелді.
Пікірлер