36 жасар қала тұрғыны Абай даңғылында суға шомылу кезінде көпірден секіріп, аяғын жарақаттап алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнына қайықпен дереу жетіп, зардап шегушіні жағаға шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Мамандар азаматтарды судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Төтенше жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар.
Пікірлер