Өңірдегі су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін профилактикалық рейдтер күшейтілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Аптап ыстыққа байланысты су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ШҚО ТЖД құтқарушылары халық көп шоғырланатын демалыс орындарын бақылап жүр.
— Бұқтырма су қоймасы аумағында қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау мақсатында рейд өткізілді. Рейд барысында ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 3 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел әрекет ету үшін құтқарушылар қуатты қозғалтқыштармен, навигациялық құралдармен, байланыс жүйелерімен және тиісті жабдықтармен жарақтандырылған заманауи катерлерді пайдаланады, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Жазғы жаз басталғалы бері ТЖД қызметкерлері 200-ден астам рейд жүргізді. Олардың басты мақсаты — судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу. Мыңдаған демалушы қамтылып, оларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Судағы қауіпсіздік талаптарының сақталмауы салдарынан шомылу маусымы басталғалы бері облыста 2 адам суға батты. Қайғылы оқиғалар жабдықталмаған шомылу орындарында болған.
Пікірлер