A+ A A-

talgatzhan 38 Бүгін, 10:15 0

ШҚО-дағы өзен-көлдердегі су сапасын тексеру үшін 120-дан астам сынама алынды

Бүгін / ШҚО

Шомылу маусымы басталғалы бері мамандар халық көп демалатын орындардан 120-дан астам су сынамасын алып, зерттеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, мониторинг облыстағы барлық жағажай аумақтарын қамтыған.

Атап айтқанда, «Катлован» ауданындағы коммуналдық жағажайда, «Самал» саябағында, Бұқтырма су қоймасында, басқа да көлдер мен өзендер жағалауында орналасқан демалыс аймақтары мен балалардың жазғы сауықтыру лагерьлерінде бақылау жүргізілді.

- Зертханалық зерттеулер 14 бақылау нүктесінде жүргізіліп, жалпы саны 121 су сынамасы алынды. Олар микробиологиялық, санитарлық-химиялық, паразитологиялық және вирусологиялық көрсеткіштер бойынша тексерілді. Зерттеулердің барлық нәтижелері гигиеналық нормативтерге толық сәйкес келді, - дейді департамент басшысы Қанат Тұрдиев.

Яғни, Шығыс Қазақстанның жағажайларында су сапасына қатысты қауіпті вирустар анықталған жоқ. Департамент мамандары өзен-көлдердегі су сапасын бақылауды шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғастырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив