Кәсіпкер Жанна Бегалинова АҚШ-та өткен Mrs. Global халықаралық сұлулық байқауында Қазақстанды абыроймен таныстырып, People’s Choice атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, бұл сайысқа әлемнің 80 елінен қатысушылар келген.
– Бұл жоғары марапат – сіздің сұлулығыңыздың, ақыл-парасатыңыздың, қайсарлығыңыздың, мақсаткерлігіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің лайықты бағасы. Әлемнің 80 елінен келген қатысушылар арасында Қазақстанды лайық таныстырып, туған қаламыз Өскеменнің де мерейін үстем еттіңіз. Сіздің жетістігіңіз көптеген жанға шабыт сыйлап, еңбекқорлық, өз күшіне сенім мен биік мақсаттарға ұмтылу кез келген асуды бағындыруға мүмкіндік беретінін тағы бір мәрте дәлелдеді, – деді шаһар басшысы Алмат Ақышов өзінің парақшасында.
Пікірлер