Өскемен-Риддер бағытындағы жолда полиция қызметкерлері жол қозғалысына қауіп төндіруі мүмкін жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тексеру барысында ГАЗ автокөлігін басқарған 35 жастағы ер адамның көлік құралын басқаруға заңды құқығы жоқ екені анықталды.
– Тәртіп сақшылары патрульдеу кезінде ГАЗ автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде оның сот шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылғаны белгілі болды. Осыған байланысты оған көлік құралын басқаруға рұқсат берілмеген. Мұндай жағдайда көлік жүргізуге тыйым салынады, себебі бұл жүргізушінің өзіне де, өзге жол қозғалысына қатысушыларға да қауіп төндіруі мүмкін, – деді ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер.
Тәртіп сақшылары көлікті арнайы айып тұрағына жеткізіп, ер адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
Пікірлер