Ауылда жылу желілерін қайта құру жұмыстары жалғасуда. Аудан әкімі Серік Жеңісов көпқабатты үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу мүмкіндігін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл ауыл тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Себебі, орталықтандырылған жылыту жүйесі соңғы рет мұнда 1997 жылы жұмыс істеген, содан кейін жылу желілері бұзылып, іс жүзінде жұмысын тоқтатқан.
- 5 қабатты үйлерде жылу болмағандықтан, адамдар көшіп кетті. 2-3 қабатты үйлерде әркім өзі үйіне пеш орнатып, солай күн көрді. Қазіргі дамыған заманда жылусыз отыру мүмкін емес. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов былтыр аудан тұрғындарымен кездескенде ең бірінші айтылған мәселе осы еді. Биыл 6 шақырымдық жылу желілерін толық жөндеп бітеміз. Ол 30 үй мен 11 әлеуметтік нысанға жетеді. Қаржы жағы дұрыс болса, 2027 жылы орталық жылытуға қосыламыз, - деді аудан әкімі Серік Жеңісов.
Сөзінше, 2025 жылдан бастап жылу жүйесін қалпына келтіру және жаңғырту бойынша ірі жоба жүзеге асырылады. Жобаға 12,2 шақырым жылу желілерін қайта құру кіреді. Жыл біткенше жұмыстар аяқталады деп күтілуде.
Пікірлер