A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 15:30 0

Самар жағалауында заманауи Арбат пайда болады

Бүгін / Самар

Бұл туралы аудан әкімі Серік Жеңісов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сөзінше, жоба тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы қоғамдық кеңістік құруға бағытталған.
- Өткен жылдан бері Арбаттың қай жерде орналасатынын ақылдасып, белгіледік. Қазір туристік екі орын анықталды. Біріншісі – Сарыбел ауылының маңындағы жағалауда. Оның ұзындығы 1,4 шақырым болады. Екіншісі – Новостройка ауылында. Оның ұзындығы 3 шақырым болады. Қазір мемлекеттік экспертизаға құжаттарды өткізіп, жауабын күтудеміз. Егер оң жауап келсе, Сарыбелдегі арбаттың құрылысын биыл бастаймыз, – деді аудан әкімі. 
Анықталғандай, жаңа жаяу жүргіншілер аймағында көгалдандыру, жаяу серуендеу, демалыс аймақтары және заманауи қалалық инфрақұрылым болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив