A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:40 0

«Самарда Түркиядағыдай демалуға болады» – аудан әкімі

Бүгін / Басты / Самар

Самар жағалауы соңғы жылдары өңірдегі маңызды туристік орындардың біріне айналып келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімі Серік Жеңісовтың сөзінше, 2010-2012 жылдары Шығыс Қазақстан облысының туристік кластері тұжырымдамасын әзірлеу кезінде осы жер аймақтың орталық туристік хабы ретінде қарастырылған.
– Географиялық орналасуы мен көлік қолжетімділігі арқасында Самар жағалауы туристер үшін орталыққа айналуға дайын. Олар кейін басқа бағыттарға – Катонқарағайға, Марқакөлге, Қиын-Керішке және Шығыс Қазақстандағы басқа да ерекше жерлерге бара алады. Мұнда әр адамда Түркия немесе Египет жағалауларындағыдай бір апталық демалысты толық өткізуге мүмкіндік бар, – деді Серік Жеңісұлы. 
Аумақтың дамуына Президенттің туристік бағыттарды дамыту туралы жарлығы серпін беретін көрінеді. Осы жоба аясында аймақ әкімі Нұрымбет Сақтағанов Самар жағалауын туристік орынға айналдырып, дамытуды тапсырған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив