Жерлесіміз Мұхамед Балғабай халықаралық турнирде кезекті рет тұғыр биігіне көтерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мадрид шаһарында өткен «Испания Гран-при – 2026» халықаралық турнирінде зайсандық еркін күрес шебері 61 келіге дейінгі салмақта бозкілемге беттеді. Жалпы, 57, 61, 65 келіге дейінгі салмақтарда бәсекелестік әркез қызу. Мұхамед шешуші сынға дейін аптықпай жетіп, тек финалда ұтылды. Shygyswrestlers ақпаратынша, зайсандық спортшы осы жарыста Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін де орындады.
Фото: shygyswrestlers
Пікірлер