A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 12:50 0

Зайсан ауданында бір үйір жылқы ұрлағандар ұсталды

Бүгін / Зайсан / Қылмыс

Аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде мал ұрлығымен айналысқан төрт күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Тергеу барысында олардың еркін жайылымда жүрген 33 бас жылқыны ұрлағаны анықталды. Жәбірленуші – жергілікті тұрғын. Келтірілген материалдық шығын 30 миллион теңгеден асады.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында ұрланған мал табылып, заңды иесіне толықтай қайтарылды.

Сондай-ақ тергеу барысында ұсталғандардың тағы бір қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Күдіктілер мамыр айында сол азаматтың 30 бас жылқысын ұрламақ болған. Алайда қылмыстық әрекет дер кезінде байқалып, мал иесіне қайтарылған болатын. 

Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив