A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 09:20 0

Шемонаиха ауданында дөңгелек үстел өтті

Бүгін / Шемонаиха

7 тамызда ауданда жаңа Конституцияға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Данияр Жүнісов Ақсақалдар кеңесінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында Конституция және алда өтетін Құрылтай сайлауы туралы сөз болды. Қатысушылар Ата Заңның қоғам өміріндегі маңызын, заңды сақтау мен нығайту, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру мәселелерін талқылады.
Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Оның сөзінше, жастардың заңға, мемлекеттік құндылықтарға және ұлттық салт-дәстүрге деген құрметін қалыптастыру – қоғам үшін маңызды міндеттердің бірі.
Жиын соңында қатысушылар Конституцияның ел бірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызын атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив