Санитарлық авиация бригадасы шұғыл түрде Зайсан ауданына жіберілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Зайсан ауданы әкімдігінің ақпаратынша, облыс орталығының дәрігерлері 9 жастағы науқасты аудандық ауруханадан алып кетуге тікұшақпен келген. Бала қант диабетіне шалдыққаны белгілі болды.
Қазір ол Өскемендегі Ана мен бала орталығына жеткізілді.
Фотосурет: astanatv.kz
Пікірлер