A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 13:00 0

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам бар

Бүгін / Республика

Бұл туралы ҚР Стрателгиялық жоспарлай және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасынан мәлім болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Ондағы мәліметтерге қарағанда, Құрылтай есімі және оның нұсқалары бүгінде Қазақстанда өте сирек кездеседі.

2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша «Құрылтай», «Курылтай», «Курултай» және «Курлтай» есімдерімен 10 азамат тіркелген. Олардың 6-ы ер адам, 4-і әйел.

Құрылтай есімі және оның нұсқаларын иеленген азаматтардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – 4 адам. Алматы қаласында 2 адам тұрады. Абай, Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әрқайсысында бір адамнан тіркелген.

-10 адамның бесеуі 65 жастан асқан. Олардың ішіндегі ең үлкені – 80 жаста. Қалған төрт адам 30-34, 50-54, 55-59 және 60-64 жас аралығындағы топтарға жатады,-делінген таратылған мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив