A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:00 0

Қазақстан кофе сатып алудан рекорд орнатты

Бүгін / Республика

2026 жылдың жарты жылында Қазақстанға 3,2 мың тонна кофе импортталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда кофе тұтыну мәдениеті жаңа белеске көтерілді. ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында елімізге рекордтық көлемде кофе әкелінген.

Биылғы қаңтар-маусым айлары аралығында Қазақстанға шамамен 3,2 мың тонна кофе импортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға көп. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бұл 2015 жылдан бері тіркелген абсолюттық көрсеткіш.

Өнім көлемімен бірге оған жұмсалған қаржы да айтарлықтай өскен. Жарты жыл ішінде еліміз кофе импортына 27,2 млн АҚШ долларын төледі. Бұл өткен жылдың алғашқы 6 айымен салыстырғанда 30%-ға артық.

Негізгі үлес кофенің қай түріне тиесілі?

Ұлттық статистика бюросының  деректері бойынша, елімізге әкелінетін кофенің құрылымында мынадай ерекшеліктер байқалады:

Қуырылмаған арабика алпы импортталған кофе салмағының шамамен 40%-ын құрайды. Бұл санаттың көлемі былтырғы деңгейде қалған.
Қуырылған және ұнтақталған кофе түрлері бойынша айтарлықтай серпіліс бар. «Басқа да кофеинмен қуырылған кофе» санатындағы импорт 260 тоннадан 864 тоннаға дейін (3,3 есеге) өсті. Бұл дән түріндегі емес, ұнтақталған, еритін кофе мен капсулалық өнімдерге қатысты.
Экспорт төмендеп, ішкі сұраныс өсті

Қазақстан кофе өндірмейтіндіктен, ел ішіндегі тұтыну көлемін анықтау үшін сыртқы сауда балансына назар аударған жөн.

2026 жылы тек жарты жылда 3,2 мың тонна кофе ішкі айналымға кірсе, 2023 жылы дәл осындай көлем бүкіл 12 айдың қорытындысы бойынша әрең жиналған еді.

Қазақстан өнімді сыртқа да қайта экспорттайды, алайда биыл экспорт көлемі айтарлықтай төмендеген, жалпы импорттың бар-жоғы 5%-ын ғана құрады. Экспорттың азаюына байланысты шартты таза импорт (айырмасы) соңғы жылдардағы ең жоғары деңгейді көрсетіп отыр, - дейді Ұлттық статистика бюросы.

Бұл әкелінген өнімнің басым бөлігі ішкі нарықта, оның ішінде отандық кофейнялар мен бөлшек саудада толығымен тұтынылатынын дәлелдейді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив