A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:00 0

Докторанттардың шәкіртақысы тағы екі есе өседі

Бүгін / Республика

Жас ғалымдар өндірістен шықпай-ақ PhD дәрежесін алуға мүмкіндік алды. Бұл туралы елордада «Болашақ бейнесі: нәтижеден — жаңа стратегияға» атты форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Бұған дейін шәкіртақы мөлшері екі есе өсті, оны тағы да өсіруді бастаймыз. Қазір докторанттардың шәкіртақысы — айына 252 мың теңге. Оны тағы екі есе өсіруге келесі үш-төрт жылға бағыт алдық, — деді Саясат Нұрбек. 

Сонымен қатар ол елде «Индустриялық PhD» атты бағдарлама басталғанын еске салды. Енді жас ғалымдар өндірістен шықпай-ақ үш жылдың ішінде жеңілдетілген форматпен, модельмен PhD дәрежесін алуға мүмкіндік алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив