A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 17:00 0

Биыл елде 11-сынып оқитын балалардың саны қанша

Бүгін / Республика

Осы жылы 1-сыныпқа қабылдау өтініштерінің 90 пайызға жуығы электронды форматта жүзеге асты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінен мәлім болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— Қазіргі уақытта еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте (оның ішінде 5 мыңнан астамы ауылдық жерде орналасқан) 4,1 млн оқушы білім алып жатыр. Биыл 380 мың бала бірінші сыныпқа қабылданады. 11-сыныпқа 227 мың оқушы көшті. Өткен оқу жылында 230 мыңнан астам оқушы мектеп бітірді, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Атап айтқанда, биыл алғаш рет QazTech платформасында Бірыңғай «OQU» платформасы аясында «1-сыныпқа қабылдау» кезең-кезеңімен іске қосылды. 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау Оқу-ағарту министрлігі мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірлескен бұйрығы негізінде пилоттық жоба аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұрғыда өтініштердің 88,7%-дан астамы электронды форматта қабылданды. Бұл ата-аналарға білім беру ұйымдарына жеке бармай-ақ, барлық қажет рәсімдерді онлайн режимде жүзеге асырып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен ыңғайлылығын аңғартады.

1-сыныпқа балаларды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы 27 мамырдан 31 тамызға дейін кезең-кезеңімен жүргізіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив